Жиі қойылатын сұрақтар
Жауап таба алмадыңыз ба? Бізге WhatsApp-қа жазыңыз.
Сабақтар оқытушымен Zoom немесе Google Meet арқылы онлайн өтеді. Ұзақтығы — ересектерге 50 минут, балаларға 40 минут. Әр сабақтан кейін жеке жоспар мен үй тапсырмасы беріледі.
Біз үш формат ұсынамыз: жеке (1-ге-1 оқытушымен), жұптық (2 оқушы) және топтық (3-5 адам). Топтар білім деңгейі бойынша қатаң құрастырылады.
Иә! Бірінші сабақ — тегін. Оқытушымен танысып, деңгейіңізді анықтап, жеке оқыту жоспарыңызды аласыз.
Кез келген деңгейден, соның ішінде нөлден бастауыңға болады. Ағымдағы деңгейіңізге және мақсатыңызға қарай бағдарлама таңдаймыз.
Оқытушы сізге сай келмесе, тегін ауыстырамыз. Бізде 15-тен астам оқытушы бар — сізге ыңғайлы маманды таңдаймыз.
Бізге WhatsApp-қа жазыңыз немесе сайттағы «Тегін бастау» батырмасын басыңыз. Менеджер сізбенен байланысады.
Иә, 12 сабақтық пакеттер 8-ден тиімдірек. Толық тарифтер — Тарифтер бетінде.
Біз қазақ, ағылшын және қытай тілдерінің курстарын ұсынамыз.Tarify →
Тек смартфон немесе интернет байланысы бар компьютер. Барлық материалдар онлайн беріледі.Kazahskij →Anglijskij →Kitajskij →
Сабақ 40–50 минутқа созылады, күніңізге ыңғайлы икемді кестемен — таңертең, түсте, кешке немесе демалыс күндері. Қажет болса, сабақты ауыстыруға немесе тоқтата тұруға болады. Сөйлеуді бастау үшін аптасына екі сағат жеткілікті.
Иә, сабақ Google Meet немесе Zoom арқылы тірі оқытушымен өтеді — жазылған бейнелер жоқ. Бірінші сабақтан бастап сөйлей бастайсыз және әлемнің кез келген нүктесінен, кез келген құрылғыда оқи аласыз.
Біз оқушылардың денсаулығы мен дұрыс дамуына мән береміз. 7 жасқа дейінгі балаларға көру мен жүйке жүйесіне түсетін жоғары жүктемеге байланысты мамандар онлайн-сабақтарды ұсынбайды. Сонымен қатар ересектер үшін жас шектеуі жоқ — біз кез келген жастағы оқушыны, студенттен бастап ересек буынға дейін, сәтті оқытамыз.
16 жасқа дейінгі балалардың экран алдындағы назары ең көбі 40 минутқа жетеді — одан кейін ми шаршап, тиімділік төмендейді. Ересектер үшін 50 минут — өнімді жұмыс үшін оңтайлы уақыт. Біз сабақты уақыт үшін созбаймыз, керісінше бала сапалы меңгере алатын мөлшерде береміз.